11
сәуір
2024
Құстар – біздің досымыз.
Құстар – біздің досымыз. Біз үнемі құстарға қамқорлық жасап, қорғап жүруіміз қажет. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені ерекше. Олар өте әдемі. Құстардың кейбірі адамға дос. Соның бірі қарлығаш. Ол адамдарға жақсылық ойлайды. Құстарға ерекше қарап, қорғап жүрейік, достар! 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында 1-4 сынып оқушылары мектебіміздің ауласындағы ағаштарға құстарға қамқорлық жасау мақсатында «Құстарға қамқор болайық» акциясы ұйымдастырды. Мақсаты құстардың көптүрлілігі туралы түсінік беріп, оларды сипаттау, бақылау, қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, құстарды қорғауға тәрбиелеу.