АЛМАТЫ- БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АЛМАТЫ- БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ
09
сәуір
2024

АЛМАТЫ- БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ

✓ 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны өтеді. Мегаполистің барлық ауданын қамтитын науқанға Алматының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады.

✓ Басты мақсат — қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.

✓ Науқанды өткізу кезеңдері:
1. «Біздің қала — біздің көшелер» (8-14 сәуір)
2. «Біздің қала — біздің аула, біздің үй» (15-21 сәуір)
3. «Біздің қала — біздің тау, өзен мен көлдер» (22-28 сәуір)
4. «Біздің қала — біздің мақтаныш» (29 сәуір — 8 мамыр)

✓ Науқан барысында атқарылатын жұмыстар:
🔅 Павильонды, бағдаршамды, өткелді, қоқыс жәшігін, орындықты, ескерткішті жуу мен жөндеу.
🔅 Саябақты, көшені, тротуарды, арық желісін тазалау.
🔅 Жарық нүктесі мен маңдайшаны жаңғырту, ағаш отырғызу.

✓ Толығырақ almaty.kz сайтында.
✓ Науқанға атсалысыңыз, Алматыны көркейтейік, одан әрі әсемдейік!Челлендж электронных экологических открыток «АЛМАТЫ-НАШ ОБЩИЙ ДОМ»
#АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.
@edu.almaty
@kusainova.s.a
@nauryzbay_bilim_bolimi
@edualmaty