12
сәуір
2024
Алматы қаласы бойынша 8 сәуір - 8 мамыр аралығында "Алматы - біздің ортақ үйіміз" атты науқаны басталды.
Алматы қаласы бойынша 8 сәуір - 8 мамыр аралығында "Алматы - біздің ортақ үйіміз" атты науқаны басталды. Осы бастама аясында мектебіміздің ата-анасы актер Әшім Ахметов барша қала тұрғындарын, ата-аналарын, балалармен бірге қаламызды аялауға шақырады. Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімімен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана. Ата - бабамыз жер - қазына, су - алтын, мал – байлық деп тегін айтпаған. Күнделікті ішіп жеген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз. Осылардың бәрі жомарт табиғаттың бізге тартқан сыйы. Сондықтан да біз оны аялап, қорғап жүруіміз керек Сүйікті Алматы қаламыздың көркем әрі таза болуына әрқайсысымыз мүдделіміз. Себебі, Алматы - біздің ортақ үйіміз.