Материалы за Қыркүйек 2026 года » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қыркүйек 2026 года
Қала күніне орай ұйымдастырылған «Арман қала – Алматы» әндер байқауының ҚАЛАЛЫҚ кезеңінде №206 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Козина Айару өнер көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕ иеленді!
19
қыркүйек
2026
Қала күніне орай ұйымдастырылған «Арман қала – Алматы» әндер
БАС ЖҮЛДЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Қала күніне орай ұйымдастырылған «Арман қала – Алматы» әндер байқауының ҚАЛАЛЫҚ кезеңінде №206 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Козина Айару өнер көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕ иеленді! Жас өнерпазымызды жеңісімен құттықтаймыз! Айарудың шығармашылық қабілетін шыңдап, байқауға дайындаған музыка пәнінің мұғалімі Чыкабаева Дана Бақбергенқызына алғысымызды білдіреміз. Талабыңа нұр жаусын, Айару! Өнерің өрге жүзсін!09:54
19 қыркүйек 2026 жылы Алматы қаласында халықаралық экологиялық «World Cleanup Day» акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті.
19
қыркүйек
2026
19 қыркүйек 2026 жылы Алматы қаласында халықаралық экологиялық «World
ТАЗА АУЛА – ТАЗА ҚАЛА! 19 қыркүйек 2026 жылы Алматы қаласында халықаралық экологиялық «World Cleanup Day» акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті. Осы игі бастамаға №206 мектеп-гимназияның ұжымы да белсене қатысып, мектеп ауласына тазалау жұмыстарын жүргізді. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Туған жеріміздің көркеюіне үлес қосу – үлкен жауапкершілік әрі жақсы дәстүр. Бірлікпен атқарылған еңбек – таза әрі жайлы орта қалыптастырудың кепілі!
7 “Г” сыныбы сынып кабинетінде тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.
18
қыркүйек
2026
7 “Г” сыныбы сынып кабинетінде тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.
Мектебімізде оқушылардың еңбекқорлығын арттыру, тазалық пен тәртіпті сақтауға дағдыландыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта бүгін 7 “Г” сыныбы сынып кабинетінде тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, кабинет ішін толықтай ретке келтірді. Атап айтқанда, оқу орындары санитарлық талаптарға сай тазартылып, сыныптың ішкі жабдықтары орны-орнына қойылды. Мұндай игі бастамалар жас жеткіншектердің ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытып қана қоймай,
Мен Көсембек Сұлу, өзімді мектеп президенті ретінде ұсынамын.
18
қыркүйек
2026
Мен Көсембек Сұлу, өзімді мектеп президенті ретінде ұсынамын.
Мен Көсембек Сұлу, өзімді мектеп президенті ретінде ұсынамын. Бұл — мен үшін жай ғана сайлау емес. Бұл — өз идеямды жүзеге асырып, мектеп өміріне өз үлесімді қосуға берілген мүмкіндік. Мен өзгерісті сөзбен емес, әрекетпен көрсеткім келеді. Әр оқушының пікірі ескеріліп, әр идеяның жүзеге асуына мүмкіндік болғанын қалаймын. Менің мақсатым-өзгеріс жасау.
Мектеп Президенттігіне өз кандидатурамды ұсынамын!
18
қыркүйек
2026
Мектеп Президенттігіне өз кандидатурамды ұсынамын!
Мектеп Президенттігіне өз кандидатурамды ұсынамын! Мектеп өміріне белсенді араласып, оқушылардың ұсыныстары мен бастамаларын қолдауға, мектептегі достық пен бірлікті нығайтуға өз үлесімді қосқым келеді. Мен үшін Президент болу – тек атақ емес, жауапкершілік, белсенділік және әр оқушының пікірін құрметтеу. Жаңа идеялар, тың бастамалар және ортақ мақсат жолында бірге жұмыс істеуге дайынмын! ✨ Сенімдеріңізді ақтауға бар күшімді саламын!
Бүгін 5 «Ғ» сынып оқушылары дәстүрлі «Таза бейсенбі» аясында кабинеттеріне ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді.
18
қыркүйек
2026
Бүгін 5 «Ғ» сынып оқушылары дәстүрлі «Таза бейсенбі» аясында
Мектептегі тазалық — ортақ жауапкершілік! Бүгін 5 «Ғ» сынып оқушылары дәстүрлі «Таза бейсенбі» аясында кабинеттеріне ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық бар жерде — береке де, нәтиже де бар! Сынып жетекшісі: Бақытқызы Қарақат
Қала күніне орай ұйымдастырылған спорттық акцияға белсене қатысып, бір сәтте бірге жаттығу жасап, жаңа күнді көтеріңкі көңіл-күймен бастады.
18
қыркүйек
2026
Қала күніне орай ұйымдастырылған спорттық акцияға белсене қатысып,
Таңғы жаттығу — сергек күннің бастауы! Алматы қаласы,Наурызбай ауданы 206 мектеп-гимназиясының оқушылары мен ұстаздары Қала күніне орай ұйымдастырылған спорттық акцияға белсене қатысып, бір сәтте бірге жаттығу жасап, жаңа күнді көтеріңкі көңіл-күймен бастады. 🏃‍♂️🏃‍♀️ Спорт — денсаулық кепілі ғана емес, ол тәртіп, белсенділік, бірлік және жақсы көңіл-күйдің негізі. Ұстаз бен оқушы бірге қозғалғанда — спортқа деген қызығушылық та арта түседі. Бүгінгі таңғы жаттығу — белсенді өмір салтына
“Еңбек” мобильді орталығының маманы Жакупова Еркеш Садыковна Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушыларына мамандықты дұрыс таңдау бойынша кәсіби бағдар беру сағатын өткізді.
17
қыркүйек
2026
“Еңбек” мобильді орталығының маманы Жакупова Еркеш Садыковна
2026 жылдың 17 қыркүйек күні “Еңбек” мобильді орталығының маманы Жакупова Еркеш Садыковна Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушыларына мамандықты дұрыс таңдау бойынша кәсіби бағдар беру сағатын өткізді. Еркеш Садыковна кәсіби бағдар беру сағаты барысында мамандықты дұрыс таңдаудың формуласын түсіндірді және оқушыларға қызығушылығы мен қабілетін анықтау үшін кәсіби бағдарлау тесттерімен таныстырды. Сонымен қатар оқушы өзі қалаған мамандығынан кәсіби біліктілігін арттыру үшін
Әр бейсенбі сайын сыныбымыздың тазалығына көңіл бөліп, өзімізден кейін жинақылықты сақтаймыз.
17
қыркүйек
2026
Әр бейсенбі сайын сыныбымыздың тазалығына көңіл бөліп, өзімізден
Таза бейсенбі — таза сынып, таза орта! Әр бейсенбі сайын сыныбымыздың тазалығына көңіл бөліп, өзімізден кейін жинақылықты сақтаймыз. Таза сынып — жақсы көңіл-күй мен жайлы оқу ортасының кепілі! 🤍 🌿 Қоқысты жерге тастамау 🧹 Сыныпты таза ұстау 🪑 Заттарды өз орнына қою 🤝 Тазалықты бірге сақтау Тазалық — әрқайсымыздан басталады! Бірге таза ұстайық! 💚 #тазабейсенбі #тазалық #тазасынып #тазаорта #мектеп сынып
Мен, Сатымқұл Айша Мектеп Парламентінің Премьер-Министрі ретінде, оқушылардың ұсыныстары мен идеяларын қолдап, мектеп өмірін жақсартуға өз үлесімді қосқым келеді.
17
қыркүйек
2026
Мен, Сатымқұл Айша Мектеп Парламентінің Премьер-Министрі ретінде,
Мен, Сатымқұл Айша Мектеп Парламентінің Премьер-Министрі ретінде, оқушылардың ұсыныстары мен идеяларын қолдап, мектеп өмірін жақсартуға өз үлесімді қосқым келеді. Әр оқушының пікірі маңызды! 🇰🇿