10 маусымнан бастап OQU порталы арқылы 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 10 маусымнан бастап OQU порталы арқылы 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады.
02
маусым
2026

10 маусымнан бастап OQU порталы арқылы 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады.

[media=https://www.instagram.com/reel/DZFUd4rBmRG/?igsh=ZzB4bmlxZ2Zsd2R6]

10 маусымнан бастап OQU порталы арқылы 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады.

Назар аударыңыз! 10 маусым күні Алматы қаласындағы мектептерге 1-сыныпқа қабылдау басталады. Уақыты 09:00-де. 
Өтінім беру нұсқаулығы сайтта орналастырылған. OQU порталына (https://oqu.edu.kz/first-class/instruction) кіру үшін ЭЦҚ қажет. 
Қажетті құжаттар:
• Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші (жүйеде автоматты түрде қалыптасады);
• Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• Денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны);
• Екпе картасы (065/у нысаны);
• ПМПК қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін);
• 3×4 өлшемді 2 фотосурет. 
Сонымен қатар:
 Енгізілген декретердің дұрыстығын растау қажет.
 Сыртқы жүйелерден алынған дербес деректерді пайдалануға келісім беру қажет.
Өтінімдегі барлық деректерді тексеріп, «Қол қою» батырамысын басыңыз. Қол қоюдың ыңғайлы тәсілін таңдаңыз: QR код арқылы немесе ЭЦҚ көмегімен.
Қол қойылғаннан кейін өтінім автоматты түрде мектепке жіберіледі. 
Өтінім мәртебесі «Тексерілуде» болып көрсетіледі. 
Қабылданған шешім туралы хабарлама порталдағы жеке кабиетке жолданады. 
Өтінішті қарау мерзімі – 1 жұмыс күні.
Мектептің мекенжайы Қалқаман-2, Талжанова 1 Б
Байланыс телефоны: 8727 398 57 39