25
мамыр
2026
«Білімім – Отаныма» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны ерекше көңіл-күймен аталып өтті.
[media=https://www.instagram.com/reel/DYwcSdbsRQ8/?igsh=emwzNW1obXVnNXg=]
«Білімім – Отаныма» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны ерекше көңіл-күймен аталып өтті.
Мерекелік шараның құрметті қонақтары:
мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерінің салалық кәсіптік одағының төрайымы, «Аманат» партиясы Наурызбай аудандық филиалы Саяси кеңесі бюросының мүшесі Данагүл Мұхамедкерімқызы Айнақұлова, Наурызбай аудандық білім бөлімінің әдіскері Индира Өтепбергенқызы Дүйсебекова және Наурызбай ауданы полиция басқармасының полиция подполковнигі Алмас Қахаров қатысып, түлектерге ақжарма тілектерін арнады.
Биыл мектебімізден 124 түлек қанат қағып, үлкен өмірге жолдама алды.
Олардың қатарында Алтын белгі мен Қызыл аттестатқа үміткерлер, республикалық және қалалық байқаулардың жеңімпаздары бар.
Салтанатты кештің ең әсерлі сәттерінің бірі — ақ көгершін ұшыру рәсімі болды. Ақ көгершіндер түлектердің асқақ арманы мен бейбіт болашаққа деген сенімінің символына айналды.
Ал соңғы қоңырау үнін шығару құрметі мектеп табалдырығын кеше ғана аттаған 1-сынып оқушылары мен үлкен өмірге қанат қаққалы тұрған 11-сынып түлектеріне берілді.
Қош бол, алтын ұя мектебім!
Ақ жол, жас түлек!
#СоңғыҚоңырау2026 #БілімімОтаныма #ЖасТүлек #Мектеп2