Бүгін Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясында ерекше толқынысқа толы, жүрекке жылы әсер сыйлаған аттестат табыстау салтанаты өтті. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бүгін Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясында ерекше толқынысқа толы, жүрекке жылы әсер сыйлаған аттестат табыстау салтанаты өтті.
19
маусым
2026

Бүгін Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясында ерекше толқынысқа толы, жүрекке жылы әсер сыйлаған аттестат табыстау салтанаты өтті.

[media=https://www.instagram.com/reel/DZvYS9xMGDn/?igsh=cnVhZWV1M3premdr]

АТТАНДЫҚ, БАЛА ШАҚТАН БОЛАШАҚҚА

Бүгін Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясында ерекше толқынысқа толы, жүрекке жылы әсер сыйлаған аттестат табыстау салтанаты өтті.

2025-2026 оқу жылында мектебімізден 124 түлек үлкен өмірге жолдама алды. Олардың әрқайсысы – мектептің мақтанышы, ұстаздардың еңбегі мен ата-аналардың үмітін арқалаған жас тұлғалар.

Биылғы оқу жылында 4 түлек «Алтын белгі» иегері атанып, білімге деген табандылығы мен үздік нәтижесінің жемісін көрді. Сонымен қатар 14 түлек үздік аттестатқа қол жеткізіп, мектеп тарихындағы жарқын жетістіктер қатарын толықтырды.

Бүгінгі кеш – тек аттестат алған күн ғана емес, балалық шақпен қоштасып, жаңа өмірге нық қадам басқан ерекше сәт. Әр түлектің жүрегінде мектепке деген сағыныш, ұстазға деген құрмет, достарға деген ыстық ықылас сақталары сөзсіз.

Құрметті, жас түлектер! Алдарыңыздан ашылатын мүмкіндіктер мол болсын! Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болып, таңдаған жолдарыңызда биік белестерді бағындыра беріңіздер!

Ақ жол, жас түлектер! 🌟🎓

 #Түлектер2026 #АттестатТабыстау
@aliakbarovafatima
@kusainova.s.a
@indira_duisebek
@nauryzbay_bilim_bolimi
@edu.almaty 
@oqu_agartu_ministrligi