Алматы қаласы №206 мектеп-гимназиясы 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты соңғы қоңырау мен қорытынды аттестаттау кезеңінде келесі маңызды талаптарды ескертед » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы №206 мектеп-гимназиясы 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты соңғы қоңырау мен қорытынды аттестаттау кезеңінде келесі маңызды талаптарды ескертед
13
сәуір
2026

Алматы қаласы №206 мектеп-гимназиясы 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты соңғы қоңырау мен қорытынды аттестаттау кезеңінде келесі маңызды талаптарды ескертед

Ата-аналар назарына!

Алматы қаласы №206 мектеп-гимназиясы 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты соңғы қоңырау мен қорытынды аттестаттау кезеңінде келесі маңызды талаптарды ескертеді:

🚫 Мұғалімдерге сыйлық жасауға және ақша жинауға қатаң тыйым салынады
🚫 Аниматорлар, студиялар, агенттіктер шақыруға болмайды
🚫 Мектеп қажеттіліктеріне ата-аналардан қаражат жинауға рұқсат етілмейді
🚫 Оқушылардың қауіпсіздігі үшін автокөлік шеруі, ойын-сауық орындарына (мейрамхана, демалыс орындары т.б.) баруға тыйым салынады
🚫 Мектеп ішінде және сыртында мерекелік дастархан ұйымдастыруға болмайды

Қорытынды аттестаттау кезінде оқушылар мектеп формасын сақтап, тәртіп пен жауапкершілік танытуы міндетті.

❗ Бұл талаптар 4, 9, 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына бірдей қатысты.
Мақсат — әділдік, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Құрметті ата-аналар!
Осы талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Ізгі ниетпен,
№206 мектеп-гимназия директоры
Алиакбарова Фатима Маметкалиевна.