14
қаңтар
2025
2025 оқу жылында № 206 мектеп-гимназиясының 1-4 бастауыш сыныптар арасында барлығы 300 бала "Балдырған" журналына жазылды
"*Балдырған" журналы*- кішкентай оқырмандарға арналған ең танымал басылымдардың бірі. Бұл журналдың әрбір беті балалардың қиялын дамытып, білім көкжиегін кеңейтуге арналған. Журналда қызықты әңгімелер, ертегілер, өлеңдер, жұмбақтар мен суреттер бар.
*2025 оқу жылында № 206 мектеп-гимназиясының 1-4 бастауыш сыныптар арасында барлығы 300 бала "Балдырған" журналына жазылды*. Журналға жазылған балалар әр санды асыға күтеді. Олар “Балдырғанның” бетін ашқан сайын, жаңа білім алып, қазақ тілінің байлығымен танысады. Кейбір балалар журналдағы өлеңдерді жаттап, ертегілерді достарына айтып береді.
“Балдырған” – тек журнал емес, балалардың жақын досы. Бұл басылым арқылы оқырмандар кітап оқудың маңыздылығын түсініп, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттырады. Осылайша, “Балдырғанды” оқып өскен балалар болашақта өз халқының мәдениетін, тілін қадірлейтін азамат болып қалыптасатыны анық.