23
сәуір
2025
2024 жылғы 19 сәуірде Астана қаласында өткен IC3 Халықаралық кәсіби бағдарлау форумына Алматы қаласы педагог-профорентаторлары атынан қатысу мүмкіндігі бұйырды.
2024 жылғы 19 сәуірде Астана қаласында өткен IC3 Халықаралық кәсіби бағдарлау форумына Алматы қаласы педагог-профорентаторлары атынан қатысу мүмкіндігі бұйырды. Бұл форум кәсіби бағдар беру саласындағы халықаралық сарапшылардың, білім беру ұйымдары мен мамандарының басын қосқан ауқымды іс-шара болды.
Форум барысында қазіргі замандағы еңбек нарығының трендтері, оқушыларды мансапқа бағыттаудағы тиімді әдістер мен кәсіби бағдар берудің жаңа модельдері жайлы бірқатар мазмұнды сессиялар болды.
Жиын аясында әріптестермен тәжірибе алмасып, кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік туды. Жаңа идеялар мен нақты құралдар алдағы уақытта жасөспірімдердің саналы түрде мамандық таңдауына бағыт-бағдар беруде үлкен көмек боларына сенімдімін.
IC3 форумынан @ic3movement1 алған әсер мен білім болашақтағы кәсіби бағдар жұмысымды жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізеді деп ойлаймын.#кәсібибағдар #мамандықтаңдау #профориентация #ic3 #астана



