11
тамыз
2025
Алаштың Абайы – ұлт рухының ұлы мерекесі
Алаштың Абайы – ұлт рухының ұлы мерекесі

Бүгін Республикалық сарай сахнасында ұлы ақын, дана ойшыл, қазақ руханиятының шамшырағы – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған “Алаштың Абайы” атты ерекше концерт өтті.
Кеш барысында Абайдың мәңгілік мұрасын дәріптеген әсем әндер, жүрекке жеткен термелер, тағылымды жырлар мен сахналық қойылымдар орындалды.
Халық әр сөзінен өнеге, әр әуенінен рухани қуат алды. Бұл – тек мерейтой ғана емес, ұлттың рухани бірлігін, өнердің мәңгілік құндылығын дәріптеген ұлы кеш болды.
#АлаштыңАбайы #Абай180 #РуханиМұра #ҰлыАқын