06
маусым
2023
Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығының концерт залында опера және балет театры әртістері өнер көрсетті. В концертном зале Центра инновационного творчества школьников,выступили артисты театра оперы и балета.
Наурызбай ауданында 1 маусым күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашып кеткен Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығының концерт залында Алматы қаласы Әкімдігі мен Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Әсем Бекқызының қолдауымен Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры әртістері өнер көрсетті. Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисттері Жабагин Айдос, Кубиев Фархад, Жолдыбаев Дархан жанды дауыста ән шырқады, солисттерді Өтетілеуов Алияр фортепианода сүйемелдеді. Нағыз өнерді паш еткен өнерпаздарымызға мектеп оқушыларының ықыласы ерекше болды. Мектептен өнерге жақын 25 оқушымыз тамаша көңіл-күймен, жақсы демалып қайтты.