«Балдырған» мектеп лагерінің жұмысына Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары мен білім бөлімінің басшысы бақылау жүргізді. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балдырған» мектеп лагерінің жұмысына Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары мен білім бөлімінің басшысы бақылау жүргізді.
12
маусым
2023

«Балдырған» мектеп лагерінің жұмысына Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары мен білім бөлімінің басшысы бақылау жүргізді.

Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназияның «Балдырған» мектеп лагерінің жұмысына 09.06.2023 күні Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Нысаналиев Мирас Нұрланұлы мен Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангелдіқызы бақылау жүргізді. №206 мектеп-гимназияда 5 маусымнан «Балдырған» мектеп лагері өз жұмысын бастады.  Лагерь – кез келген балаға өзін көрсетуге, өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі көрсете білудің жоғары деңгейіне жақындау мүмкіндігін береді. Оқушылардың күндізгі уақытын өткізуге арналған лагерде олардың демалысын барынша оңтайлы өткізуге барлық жағдай жасалған. Лагерге 1-4 сынып оқушыларының 350 баласы қатысып жатыр. 14 топқа бөлінген, әр топта бастауыш сынып ұстаздары жетекшілік атқарып жатыр. Балалардың әр күні көңілді, танымды, белсенді, денсаулыққа пайдалы болып өтіп келеді. Барлық лагерь оқушылары ыстық тамақпен қамтылған.