21
қараша
2023
Мектебімізде “Learning English is the way to success” атты ағылшын онкүндігі басталды
Егер сіз сол адам түсінетін тілде сөйлессеңіз, сіз оның өзіне назар аударасыз. Ал егер оның ана тілінде сөйлессеңіз, сіз оның жүрегінің назарын аударасыз.
🖇️ Мектебімізде “Learning English is the way to success” атты ағылшын онкүндігі басталды. 🖇️ Онкүндіктің мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрете отырып, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру.
🖇️Онкүндіктің міндеті:
🖊️ Ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттыру.
🖊️ Ұстаздардың шеберліктерін шыңдау.
🖊️ Оқушылардың ой-өрісін кеңейту .
🖋️Апталық аясында ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өтеді. Белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.
@edu.almaty @otdel_obrazovaniya_nauryzbay @kusainova.s.a @aliakbarovafatima