18
қаңтар
2024
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

2024 жылдың 18 қаңтар күні «№206 мектеп-гимназиясы» КММ-нің 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беруде кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: білім алушыларға болашақ кәсіптің нұсқаларын жобалауда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, кәсіби өндірістік картасымен таныстыру, оқуды жалғастыру үшін бейінді саналы түрде таңдауға ықпал ету. «Жастардың терең білімі – жарқын болашақтың кепілі» демекші, шәкірттеріміздің болашақта дұрыс мамандық таңдап, жоғары дәрежелі маман болуына бәріміз үлесімізді қосқанымыз дұрыс.