30
қаңтар
2024
«Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» тақырыбында ЕВРАЗИЯ телеарнасының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Наурызбай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Қызыл Ай Қоғамымен бірлесіп #206 мектеп-гимназиясының оқушылары мен оқытушыларына «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» тақырыбында ЕВРАЗИЯ телеарнасының қатысуымен видеороликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар барысында 50 брошюралар мен «Өмір қауіпсіздік негіздері» атты апаттық жағдайда қолданатын әдістемелік кітапшалар таратылды. Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты - Азаматтық қорғаныстың маңыздылығына әлемнің назарын аудару және апаттық, авариялық жағдайда өздерін қорғау үшін оқушылар дайындығын арттыру болып табылады. Жыл бойы Қызыл Ай қоғам қызметкерлерімен мектеп ұжымының бірлесіп өткізген сабақтар нәтижесінде, кез- келген апаттық жағдайға оқушылар дайын екенін көрсете білді.