14
ақпан
2024
Англия, Жапония елдерінің тәжірибесі негізінде гимназияда атқарылатын жұмыстар тізбегі
Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияда мектепішілік Англия, Жапония елдерінің тәжірибесі негізінде гимназияда атқарылатын жұмыстардың жоспарына сәйкес, біртұтас тәрбие бағдарламасының “Балалар кітапханасы” бөлімі, “Оқуға құштар мектеп” бағдарламасы аясында әр параллельге оқу жылының соңына дейін кітаптың мазмұнына қарай белгілі уақытқа оқуға бірнеше кітаптар ұсынылды. 9-сыныптың оқушылары 22.01-31.01.2024 аралығында Бейімбет Майлиннің “Шұғаның белгісі” шығармасын оқыды. 9 "А" сыныбының ұйымдастыруымен 9-сыныптың барлық оқушылары сынып жетекшілерімен бірге әр шығарманы оқып біткеннен кейін форматын түрлендіре отырып шығарманы талдау жұмыстарын өткізді.