19
наурыз
2024
"НАУРЫЗ - ДУМАН" тақырыбында Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияда барлық сыныптарда оқушыларымен ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
"НАУРЫЗ - ДУМАН" тақырыбында Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияда барлық сыныптарда оқушыларымен ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың Наурыз мерекесінің қаншалықты маңызды екенін, еліміз ол мерекені қалай атап өтуін, халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеп, оны әрі қарай жаңғырту болып табылады. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды.