20
наурыз
2024
Наурыз – бұл табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы.
Наурыз – бұл бес мың жылдан астам уақыт бойы атап өтілетін халықаралық көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа
өмірдің басталуы. Наурыз – қазақ халқы мен Азияның көптеген халықтарының басты мерекесі. Әрдайым жарқын, шуақты қуанышты «Наурыз» мерекесі «Көктемнің тууы» деген мағынаны білдіреді. Әр уақытта Наурызда өткізілетін мерекелік іс-шаралар, халықтық
мерекелеу, ұлттық ойындар, домбыраның күмбірлеген үнімен сүйемелденеді. Домбыра – ежелгі дәуірден келе жатқан қазақ халқының кең тараған қасиетті ұлттық музыкалық аспабы. Сондықтан өскелең ұрпақ домбырада орындау өнерінің қасиетті дәстүрін жалғастыруы керек. 2024 жылғы 20 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де Наурызбай ауданы №206 мектеп- гимназиясында домбыраның күмбірлеген үнімен «Әлқисса» Н.Тлендиевтің және «Балбырауын» Қ.Сағырбайұлының күйлері орындалды. Домбырашылар челленджі – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны танымал ету. Челлендж Наурыз мерекесін ең жарқын және есте қаларлық оқиғалардың біріне айналдырады. Челлендж – балаларды көркем-эстетикалық дамытудың бір түрі, балалардың, тәрбиешілер мен ата-аналардың шығармашылық жетістіктерін
көрсетудің үлкен мүмкіндігі. Челлендждің мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау болатын.