Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияда 2023-2024 оқу жылында жаңа жобалар іске асырылуда. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияда 2023-2024 оқу жылында жаңа жобалар іске асырылуда.
01
сәуір
2024

Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияда 2023-2024 оқу жылында жаңа жобалар іске асырылуда.

10000000_336146062782761_5847256084365503595_n.mp4 [38,35 Mb] (cкачиваний: 0)
Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияда 2023-2024 оқу жылында жаңа жобалар іске асырылуда.  1. Білім берудегі заманауи инновациялар бағыты -    206 мектеп-гимназия Англия елінің ұлттық білім беру жүйесіндегі оқу процесінің ұйымдастырудың тиімді тәсілі ретінде КӨП ДЕҢГЕЙЛІ ОҚЫТУ тәсілін өз тәжірибемізге алдық, Биылғы 2023-2024 оқу жылында  4-сынып оқушыларымен математика пәнін оқыту процесінде эксперимент жұмыстары жүргізілуде. Жекелеген пән бойынша 4-сынып математика пәнін таңдай отырып, 4 А,4Ә, 4Б сынып оқушыларын алдын ала зерделенген тест нәтижесі бойынша    әр түрлі деңгейдегі «А», «В», «С» топтарына біріктірілді.Әр сыныптың оқушылары өз сыныптарында оқуларын жалғастыра береді, ал гимназия компонентіне бөлінген уақытта аталған үш сыныптың оқушылары өз деңгейлері бойынша бірігіп, топпен білім алады. Мұндағы «А» деңгей- базалық деңгей, «В» деңгей- біршама жетілдірілген деңгей, «С» деңгей  - тереңдетілген, ілгері деңгей. «А» тобына Малаева Асем, «В» тобына Қоқымбекова Мөлдір, «С» тобына Мергенбаева Назигуль білім береді. Әр топтың жұмыс жоспарының мазмұны әр деңгейдің мамзұнына байланысты құрылады. 2. Ұлттық, рухани құндылықтар бағыты - Рухани, ұлттық құндылықтарды жаратылыстану пәндеріне енгізу. Шеберлік сабақтары. - Рухани, ұлттық  құндылықтарды гуманитарлық пәндерге енгізу. Шеберлік сабақтары. - Отан, ұлттық құндылық, еліне, туған жеріне деген махаббат тақырыптарында эссе байқаулары. - Тәрбие сағаттарын сынып жетекшілерімен бірге ата-аналардың өткізуі,  ұлттық құндылыққа байланысты ғибратты әңгіме айту, тренинг өткізу, ойындар ойнату, ұлы тұлғалар туралы тарихи әңгіме, хикая айту, сахналау,т.б. -"Көңілді үзіліс" жобасы. Ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, білім алушылардың үлкен қоңырауларда бос уақыттарын көңілді өткізу мақсатында әр түрлі ойындар ұйымдастыру. (салт-дәстүрлер, мақал-мәтелдер, логикалық есептер және т.б)