Құрметті мектеп бітіруші жас достар, талапкерлер! Осы күндері Сіздер үшін аса жауапты әрі маңызды белестер легі бастау алғандығы белгілі. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті мектеп бітіруші жас достар, талапкерлер! Осы күндері Сіздер үшін аса жауапты әрі маңызды белестер легі бастау алғандығы белгілі.
17
мамыр
2024

Құрметті мектеп бітіруші жас достар, талапкерлер! Осы күндері Сіздер үшін аса жауапты әрі маңызды белестер легі бастау алғандығы белгілі.

 650033193_an_swxylgbtsmnnkesv7uqmnmkl567vpwzmnbgy0wuv7xlwxwgsphi.mp4 [25,11 Mb] (cкачиваний: 0)
Құрметті мектеп бітіруші жас достар, талапкерлер!  Осы күндері Сіздер үшін аса жауапты әрі маңызды белестер легі бастау алғандығы белгілі. Болашақ мамандықтарыңызға жолдама беретін жоғары оқу орнына түсудің алғашқы баспалдақтарына аяқ бастыңыздар. Бүгін елімізде сол сынақ – негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуінің алғашқы күні.  16 мамырда басталған бұл тестілеу 5 шілдеге дейін жалғасады. Биыл ҰБТ-ны 180 мыңнан астам түлек тапсыруды жоспарлауда. Тестілеуде талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. Жалпы саны 120 сұрақты құрайтын тестілеуде жоғары 140 ұпайды алу мүмкіндігі барша талапкердің еншісінде болмақ.  Аса мұқият назар аударыңыздар, тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сондықтан, тайм-менеджментті ұтымды қолдануға кеңес беремін.  Енді міне, күні кеше жарияланған 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын иеленуге бәсекеге қабілеттілікті көрсететін сәт туды.  Қосымша ақпарат үшін шекті балл жөнінде айта кетейін: «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары үшін кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл (ұлттық жоо үшін); ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл жинау керек.  Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу тізімі жарияланды. Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінді. Соның ішінде бакалавриатқа түсу үшін 2024-2025 оқу жылында 79 мыңға жуық грант бөлінді.  Құрметті талапкер! Сіздерден ата – ана, мектеп, ел болып үлкен үміт күтеміз! Сынақтан сүрінбей өтіп, әлемдік көкжиекте бәсекеге қабілетті тұлға болуға ұмтылғайсыздар!

Похожие публикации: