30
шілде
2024
«Жақсылық жасап жарысайық!» ұранымен қайырымдылық акциясын өткізді.
Жақсыдан шарапат демекші Елбасының бастамасымен қолға алынып, республика көлемінде өтіп жатқан жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында Наурызбай ауданы №206 мектеп- гимназиясында «Жақсылық жасап жарысайық!» ұранымен қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.
Акция аясында халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу, үлкенге құрмет, кішіге – ізет көрсету, жас ұрпақ бойына рухани адамгершілік дәндерін себуге бағытталған шаралар негізінде Қазақстан Халықтар Ассамблеясы Ақсақалдар Кеңесінің Төрағасы Оспанов Болат Мусагажинович, Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Долкунтай Абдулхалил, Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махмадуллаев Дидар, Ауған этномәдени бірлестігінің төрағасы Мохаммад Дауд мырзалар келіп 25 оқушыға мектеп формасын, аяқ киімдерін және аспалы сөмкелерін сыйға тартып кетті. Жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ.
@akimat_nauryzbai_audany
@edu.almaty
@nauryzbai_madeniet_bolimi
@miras_nyssanaliyev
@sairan.saifedenov
@kusainova.s.a