03
желтоқсан
2022
Оқушылары АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ САЯХАТ жасады. Учащиеся посетили Дом-МУЗЕЙ Ахмета Байтурсынова .
Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияның оқушылары АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ МУЗЕЙ-ҮЙІНЕ САЯХАТ жасады. Биыл ұлт ұстазының 150 жылдығына орай,қалпына келтіру жұмыстарынан соң ашылған музей-үйге қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, шебер педагог Тайғарина Гүлмира жетекшілік жасаған 6"Ә" сынып оқушылары — Батан Санжар, Далабай Айсұлтан, Жандарбеков Нұрислам, Бақыт Ердәулет, 5" В" сынып оқушысы Шагаев Асылбек келіп, рухани сусындады.
⚜️Оқушылар жас “Ділмар” байқауына қатысушылармен реформатор, ғалым А.Байтұрсынұлы музей-үйіндегі көнекөз жәдігерлермен, еңбектерінің телнұсқаларымен, қайраткердің ғұмыр жолымен танысты.
⚜️Білімгерлер бала Ахметтен дана Ахметке дейінгі өмір жолынан деректер жинап, көкейіндегі сұрақтарын қойып, жүрекжарды тілектерін білдірді. Абай атындағы РММИ-дің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Айша Нұрболатқызы шәкірттерге “Ахметтану” дәрісханасында тұлға жайында мәліметтер бөлісіп, оқушыларға өз алғысын айтты.
⚜️Тарихты білу — тағылымды іс.
Ұлтын сүйер ұландарымыздың білім көкжиегі кеңейіп, танымы арта берсін!