21
қаңтар
2025
Тәуелсіздік мерекесіне орай отбасылық спорттық сайыс өтті
Тәуелсіздік мерекесіне орай отбасылық спорттық сайыс өтті
№206 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Мен және Әкем» атты 3-сынып оқушылары мен олардың әкелері арасында отбасылық спорттық сайыс өткізілді.
Бұл шараның негізгі мақсаты – әке мен баланы бірлескен белсенділікке тарта отырып, балаларды қимыл-қозғалыс арқылы шапшаңдыққа, төзімділікке, алға қойған мақсаттарына жетуге және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сайыс барысында отбасылар өзара ұйымшылдық пен шеберліктерін көрсетіп, мереке ерекше көңіл-күйде өтті. Осындай іс-шаралар ата-аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайтып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.
@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima