17
ақпан
2025
Жақсылық – жан жылуы!
Жақсылық – жан жылуы! 
1 наурыз – Қазақстандағы Алғыс айту күні қарсаңында мектебімізде ерекше игі іс өтті.
“Бостандық” клубының еріктілері мектеп тазалығына жауапты жандарға шынайы ризашылығын білдіріп, оларға көтеріңкі көңіл-күй, шынайы күлкі мен жылулық сыйлады. 

Бұл мереке – рақмет айту мәдениетінің, ізгі істер мен адамдар арасындағы мейірімді қарым-қатынастың белгісі. Бізді қоршаған ортаға, еңбегі ерен жандарға құрмет көрсету – әрқайсымыздың парызымыз!

Алғыс айту – жүректен жүрекке жететін ең жылы сөз.
Осы күн баршамызға мейірім мен жақсылықтың жаршысы болсын!#ЖақсылықЖанЖылуы #АлғысАтуКүні #МейірімМенІзгілік #РақметСізге
Сіздермен болған:«Бостандық клубы» және де
«Бостандық»министрлері: Мадалиева Нурай, Исабек Мариям.
Қаржы министрі: Сейітхан Бейімбет