06
наурыз
2025
“Нәзіктік пен қайсарлықтың символы – әйел” атты әртүрлі мамандық иелерімен кездесу өтті.
#206 мектеп-гимназиясында сынып жетекшілердің он бес күндігі аясында 6-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында “Нәзіктік пен қайсарлықтың символы – әйел” атты әртүрлі мамандық иелерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушылар әртүрлі салада қызмет ететін аналармен жүздесіп, олардың өмірлік тәжірибелері мен қызметтері туралы құнды мағлұмат алды. Шарада аналар өз мамандықтарының ерекшеліктері мен қоғамдағы рөлі жайлы айтып, оқушыларға еңбекқорлық, адалдық және жауапкершілік секілді қасиеттерді бойларына сіңіру туралы ақыл-кеңестерін берді.
@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima