10
наурыз
2025
№206 мектеп-гимназияның 6 "Ғ" сынып оқушылары ата-аналарымен бірге ерекше отбасылық сайыс сабақ өткізді.
№206 мектеп-гимназияның 6 "Ғ" сынып оқушылары ата-аналарымен бірге ерекше отбасылық сайыс сабақ өткізді. Жыл басынан бері мұғалім, ата-ана, оқушы үштігі бірлесіп оқып келе жатқан "Отбасындағы 30 сабақ" кітабы негізінде ұйымдастырылған бұл сайыс отбасы құндылықтарын нығайтуға арналды.
Шараның басты мақсаты – ата-аналар мен балалардың бірге оқуын насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарды бойға сіңіру, тәрбие негіздерінен сусындату. Бұл сабақ оқушылардың ой-өрісін дамытуға, ата-анамен тығыз қарым-қатынас орнатуға және тәрбиенің маңыздылығын терең түсінуге ықпал етті.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таппақ!
