17
наурыз
2025
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен мектебімізде азаматтық қорғау саласына арналған оқу сабақтары өтті!
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен мектебімізде азаматтық қорғау саласына арналған оқу сабақтары өтті!
«Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті» ұранымен өткен бұл шараға 9-сынып оқушылары белсенді қатысты. Оқу барысында олар төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету, өрт қауіпсіздігі, жер сілкінісі кезінде өзін-өзі қорғау, алғашқы медициналық көмек көрсету сияқты маңызды тақырыптармен танысты.
Қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі! Осындай білім беру сабақтары балалардың өмірлік маңызы бар дағдыларды меңгеруіне көмектеседі.@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima


