1027036515_aqnwb0ju1jptfnpdywmdw3x7lhqn3loc66_7hbyzx6ke8bii11vavk4yk.mp4 [3,49 Mb] (cкачиваний: 0)
Ұлттық киім күні – рухани мұрамыздың айнасы
Наурыз мерекесі қарсаңында халқымыздың мәдени құндылықтарын ұлықтайтын ерекше күн – Ұлттық киім күні аталып өтуде. Бұл күн ата-бабадан жеткен асыл мұраны дәріптеуге, ұлттық болмысымызды жаңғыртуға арналған.

Ұлттық киім – халықтың тарихы мен рухани байлығының көрінісі. Сәукеле мен кимешек – ізеттіліктің, шапан мен қамзол – мәртебенің, ал кестелі тақия мен белбеу – ұлттық нақыштың белгісі.

Бүгінгі ұрпақ үшін ұлттық киім – мәдени сәйкестіліктің айнасы. Төл өнерімізді жаңғыртып, ұлттық рухымызды киім арқылы дәріптеу – әрбіріміздің парызымыз.

Баршаңызды ұлттық киім киіп, осы игі дәстүрді қолдауға шақырамыз! Ұлттық нақыштағы киімдеріңізбен бөлісіп, ортақ мәдени құндылықтарымызды бірге насихаттайық!
@nauryzbay_bilim_bolimi