08
мамыр
2025
«Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» атты тағылымды кездесу кеші №206 мектеп-гимназиясында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
«Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» атты тағылымды кездесу кеші №206 мектеп-гимназиясында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мақсаты – жас ұрпақ бойында отансүйгіштік, тарихи сананы қалыптастыру, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл ардагерлерінің жанқиярлық еңбегіне тағзым ету.
Кешке ауданымыздың 8 тыл ардагері арнайы шақырылып, құрмет төрінен орын алды. Ардагерлермен болған әсерлі жүздесу – оқушылар үшін өмірлік сабақ, патриоттық тәрбие көзі болды.Мектеп оқушылары ардагерлерге арнап өз өнерлерін паш етіп,
патриоттық әндер орындап,
ұлттық би билеп,
ардагерлерге арнайы сый-сияпаттарын тарту етті.Сонымен қатар, Отан қорғаушылар күні аясында мектебіміздегі ер азамат ұстаздар да назардан тыс қалмай,
аудандық білім бөлімі,
кәсіподақ ұйымы,
мектеп директоры тарапынан алғыс хаттармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бұл кеш – тек мереке ғана емес, ұлттың жады мен ұрпақтың парызын ұштастырған рухани сабақ болды.