12
мамыр
2025
5 “Д” сыныбында “Қауіпсіз қоғам” тақырыбымен сынып сағаты өткізілді.
5 “Д” сыныбында “Қауіпсіз қоғам” тақырыбымен сынып сағаты өткізілді.
Қауіпсіз қоғам – әрбірімізден басталады
Қауіпсіз қоғам – бұл тек полиция мен заңдардың жұмысы емес. Бұл – әр адамның саналы әрекеті мен бір-біріне деген құрметі. Балаларымыз тыныш аулаларда ойнап, үлкендер түнде емін-еркін көшеде жүре алатын қоғам – әр азаматтың арманы. Ол үшін не істей аламыз? Көшеде бейберекет тастандыны жинап кету, көршімізге көмектесу, интернетте жала жабудан аулақ болу – осындай кішкентай, бірақ маңызды істерден қауіпсіздік басталады.
Қоғамның қауіпсіздігі – өзіміздің қолымызда. Бірге әрекет етейік!
Сынып жетекшісі: Әселхан Әлқуатқызы