14
мамыр
2025
№206 мектеп-гимназиясында оқушылармен девианттық мінез-құлықтың алдын алу тақырыбында қалалық семинар өтті.
№206 мектеп-гимназиясында оқушылармен девианттық мінез-құлықтың алдын алу тақырыбында қалалық семинар өтті.
Іс-шараға Психологиялық қолдау орталығының әдіскері Ибрагимова Жанна Мухаметбековна,
Психикалық денсаулық сақтау орталығының тәжірибелі психологтары Батырханова А.С. және Арыкова М.С. шақырылды.
Семинар барысында мамандар:• Девианттық мінез-құлықтың түрлері мен себептері туралы маңызды ақпараттармен бөлісті;
• Оқушылармен ашық сұрақ-жауап форматында пікір алмасты;
• Психологиялық тест жүргізіп, оқушылардың мінез-құлқындағы ерекшеліктерді анықтауға тырысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың эмоционалдық, әлеуметтік, психологиялық жағдайына назар аударып, жағымсыз әрекеттердің алдын алу және дұрыс бағыт-бағдар беру.
Осындай семинарлар жастардың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.@oqu_agartu_ministrligi
@nauryzbay_bilim_bolimi
@edu.almaty