1027036515_aqnryi_7yydykkxlqtbtnwx7_rxxfzspwmr1bc52wqiw0vrm9a7h.mp4 [13,22 Mb] (cкачиваний: 0)
Бүгін мектебімізде ерекше мазмұндағы жиналыс — «Кішкене жүректен үлкен арманға» атты мектеп үйірмелерінің есеп беру кездесуі өтті.
Бұл шара — 2024-2025 оқу жылы барысында оқушыларымыздың түрлі үйірмелердегі жетістіктері мен дамуын саралайтын маңызды кездесу

Мектебімізде төмендегідей үйірмелер мен спорттық секциялар табысты жұмыс істеді:

Вокал үйірмесі

Домбыра үйірмесі

Театр үйірмесі

Би үйірмесі

Шахмат

Тоғызқұмалақ

Волейбол

Футбол

Үстел теннисі

Оқушыларымыз осы үйірмелер арқылы өз таланттарын ашып, аудандық, қалалық, республикалық және халықаралық сайыстарда жүлделі орындарға ие болды.

Бұл жетістіктер – үйірме жетекшілерінің кәсіби еңбегі мен шәкірттердің ынта-жігерінің жемісі.

Сонымен қатар, сіздердің — ата-аналардың қолдауы мен сенімі де зор рөл атқаратынын ерекше атап өтеміз.

Бүгінгі жиналыс — бір жылдық еңбектің қорытындысы ғана емес, алдағы жоспарлар мен биік мақсаттарға бастар жол!

Баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Балаларымыздың әрбір арманына бірге жетейік!