04
маусым
2025
Туристік лагерь аясындағы саяхат
Туристік лагерь аясындағы саяхат
8 “В” сыныбы – Президент саябағындаСаяхаттың мақсаты – оқушылардың туған елге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық тәрбие беру және достықты нығайту.
Балалар топқа бөлініп, түрлі ойындар ойнады, табиғат аясында серуендеді. Экологиялық тәрбие аясында қоршаған ортаға қамқор болу жөнінде әңгіме өткізілді. Арнайы белгіленген жерде түскі ас ішіліп, шығармашылық тапсырмалар (өлең шығару, сурет салу) орындалды.
Көптеген қызықты сәттер есте қалды.
Күн соңында балалар әсерлерімен бөлісіп, саяхат сәтті аяқталды.Табиғатты сүй – болашағыңды қорға!