16
маусым
2025
Әке — отбасының тірегі, қамқоршысы, батыр жүректі жан ⠀
Әке — отбасының тірегі, қамқоршысы, батыр жүректі жан ⠀Бүгін – Әкелер күні. Бұл күн әр отбасының мызғымас тірегіне айналған әкелерді ардақтап, алғыс айту күні. ⠀
Біздің отбасымызда әкеміз – сабырлы сөздің, берік шешімнің иесі. Әрбір ісімізде ақыл сұрап, қолдау тауып отырамыз. Ол бізге еңбекқорлықты, адалдықты, жауапкершілікті үйретті. ⠀
Бала-шағасының қамы үшін тынбай еңбек етіп жүрген барша әкелерге бас иеміз! ⠀
Әке — тек отбасының басшысы ғана емес, нағыз үлгі, тіреу, қорған. ⠀
Бүгін барлық әкелерге зор денсаулық, ұзақ өмір, балаларының қуанышын көріп, немере-шөберенің қызығына бөлене беріңіздер деп тілейміз! ⠀
Әке — бір-ақ ауыз сөз, бірақ мағынасы тұтас ғұмырға тең!