№206 мектеп-гимназиясында «Тіл – тарих тереңі, ұлт – жүрегі» атты тілдер апталығының ашылуы өтті » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №206 мектеп-гимназиясында «Тіл – тарих тереңі, ұлт – жүрегі» атты тілдер апталығының ашылуы өтті
05
қыркүйек
2025

№206 мектеп-гимназиясында «Тіл – тарих тереңі, ұлт – жүрегі» атты тілдер апталығының ашылуы өтті

1.mp4 [9,02 Mb] (cкачиваний: 0)
05.09.2025 жылы №206 мектеп-гимназиясында «Тіл – тарих тереңі, ұлт – жүрегі» атты тілдер апталығының ашылуы өтті. Тіл – әр ұлттың жүрегі, рухы, тірегі. Бұл күн – қазақ тілін ғана емес, елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан барлық ұлттардың мәдениеті мен тілін құрметтеу күні. Адам тілді ең алғаш анадан үйренеді. Адамның бойындағы бар асыл қасиеттер тіл арқылы келіп, рухани күшке айналады. Рухы күшті адам, халық ешқашан жеңілмейді. Тілін ұмытқан халық өз мәдениетін сақтап отыра алмайды. Мектеп оқушыларына 3 тілдің де маңызы түсіндірілді. Мұндай шаралар балалардың сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, елін сүйген, тілін қадірлеген азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Шараның аясында мектебіміздің оқушылары өнер көрсетті. Сахна төрінде арнау жырымен жүректен сыр шертетін, шабытты өлеңімен көрерменді баурайтын жас ақындарымыз өлеңдерімен бөлісті. 
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Бізді біріктіретін де, бауыр ететін де – өзара сыйластық пен тілге деген құрмет.Ұлтын сүйген ұрпақ ең алдымен өз ана тілін ардақтайды. Өйткені «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» –деп Ахмет Байтұрсынұлы бекер айтпаған. 
Іс-шараның мақсаты:
– Ана тіліміздің мәртебесін көтеру, 
– Өзге тілдерді де құрметтеу 
– Бірлігіміздің бастауы – тіл екенін ұмытпау!

@nauryzbay_bilim_bolimi 
@kusainova.s.a 
@edu.almaty 
@oqu_agartu_ministrligi 
@aliakbarovafatima