№206 мектеп-гимназия ұстаздарының ұйымдастыруымен «Жаратылыстану пәндерін кіріктіріп оқытуда STEM тәсілдері арқылы педагогикалық шеберлігін арттыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №206 мектеп-гимназия ұстаздарының ұйымдастыруымен «Жаратылыстану пәндерін кіріктіріп оқытуда STEM тәсілдері арқылы педагогикалық шеберлігін арттыру» тақырыбында қалалық семинар өтті.
18
желтоқсан
2025

№206 мектеп-гимназия ұстаздарының ұйымдастыруымен «Жаратылыстану пәндерін кіріктіріп оқытуда STEM тәсілдері арқылы педагогикалық шеберлігін арттыру» тақырыбында қалалық семинар өтті.



18.12.25 күні Алматы қаласы білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназия ұстаздарының ұйымдастыруымен «Жаратылыстану пәндерін кіріктіріп оқытуда STEM тәсілдері арқылы педагогикалық шеберлігін арттыру»  тақырыбында физика, химия, биология пәндері мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.  Семинарға қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бөлімінің физика пәні әдіскері Жакыпова Назима Балапановна қатысып, «STEM: Заманауи тренд - білім беру бағыты» тақырыбында баяндама оқыды. №206 мектеп-гимназия ұстаздары шеберлік сабақтарымен, ашық сабақтарымен және іс-тәжірбиелерімен бөлісті. Қала мектептерінің 50 ден аса ұстаздары қатысқан семинар тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті арттыруға және STEM тәсілдерін тиімді қолдану жолдарын талқылауға зор мүмкіндік берді. Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, алғыстарын білдірді.

https://aqshamnews.kz/kz/article/stem-sabaqtardy-jobalau-jasandy-intellekt-dagdylaryna-arnalgan-seminar-otti.html