Тәуелсіздік күні мен қазақ музыкасының дарабозы, ұлт руханиятының символы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Рух пен саздың бірлігі: Тәуелсіз Қазақстан және Нұрғиса мұрасы» атты аудандық кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылды. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік күні мен қазақ музыкасының дарабозы, ұлт руханиятының символы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Рух пен саздың бірлігі: Тәуелсіз Қазақстан және Нұрғиса мұрасы» атты аудандық кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
12
желтоқсан
2025

Тәуелсіздік күні мен қазақ музыкасының дарабозы, ұлт руханиятының символы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Рух пен саздың бірлігі: Тәуелсіз Қазақстан және Нұрғиса мұрасы» атты аудандық кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

[media=https://www.instagram.com/reel/DSKH0jZjDLC/?igsh=MTgzaHM5ejNoOHgxYg==]

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №206 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздік күні мен қазақ музыкасының дарабозы, ұлт руханиятының символы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Рух пен саздың бірлігі: Тәуелсіз Қазақстан және Нұрғиса мұрасы» атты аудандық кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл басқосу – ел тәуелсіздігінің рухын терең сезіндіретін, ұлттық өнердің елдік сана қалыптастырудағы орнын айқындайтын салмақты шара болды. Нұрғиса Тілендиев мұрасы арқылы рухани сабақтастық, ұлттық мәдениетті сақтау, жас ұрпаққа өнеге болу мәселелері кеңінен қозғалды. Кездесуге қазақ музыкасының тарихына тікелей үлес қосқан, Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылық мектебінен өткен ардақты тұлғалар қатысты: • Дүйсебай Шаштайұлы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, күйші-композитор, дирижер • Амантай Нүрпейісов – ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушылардың бірі • Сағат Картенбаев – ҚР Мәдениет саласының үздігі, сырнай өнерінің шебері • Жалғасбек Өмірханұлы Бегендік – ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Отырар сазы» оркестрінің дирижері, Құрманғазы атындағы консерватория профессоры Бұл тұлғалардың қатысуы – шараның тарихи мазмұнын тереңдете түсіп, оқушыларға өнер әлемінің тірі шежіресімен жүздесуге мүмкіндік берді. Шара барысында Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы кеңінен ашылып, ұлттық өнердің көпқырлылығын танытатын мазмұнды бағдарламалар ұсынылды. Ұлы сазгердің жүрекке жақын әндері айтылып, рухты серпілтетін күйлері орындалды. Оқушылар сахналық көрініс арқылы Нұрғисаның өмір жолын бейнелеп, оның еңбекқорлығын, адамдық болмысын көрерменге терең жеткізді. Сонымен қатар ақындық туындылар оқылып, би қойылымдары ұсынылып, шығармашылықтың сан саласы тоғысқан тұтас өнер шоғырын паш етті. Жиынға аудан мектептерінің музыка пәні мұғалімдері, үйірме жетекшілері, шығармашылыққа бейім оқушылар қатысып, ұлттық өнердің тәрбиелік маңызы, мәдени мұраның жалғастығы, жас музыканттарға қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Осындай мазмұнды кездесулер арқылы өскелең ұрпақтың талғамы қалыптасып, елдік рухты дәріптеудің маңызы арта түседі.

В школе-гимназии №206 Наурызбайского района города Алматы на высоком уровне был организован районный встречный вечер «Единство духа и музыки: Независимый Казахстан и наследие Нургисы Тлендиева», приуроченный к Дню Независимости и 100-летию выдающегося казахского музыканта, символа национальной культуры Нургисы Тлендиева.

Эта встреча стала значимым мероприятием, глубоко раскрывающим дух независимости страны и подчеркивающим роль национального искусства в формировании патриотического сознания. Через наследие Нургисы Тлендиева были затронуты вопросы духовной преемственности, сохранения национальной культуры и воспитания подрастающего поколения.

В мероприятии приняли участие выдающиеся личности, непосредственно внесшие вклад в историю казахской музыки и прошедшие творческую школу Нургисы Тлендиева:

  • Дүйсебай Шаштайұлы — Заслуженный деятель Казахстана, кюйши-композитор, дирижёр

  • Амантай Нүрпейісов — Заслуженный артист Казахстана, один из основателей оркестра «Отырар сазы»

  • Сағат Картенбаев — Отличник культуры Казахстана, мастер игры на сырнай

  • Жалғасбек Өмірханұлы Бегендік — Заслуженный артист Казахстана, дирижёр оркестра «Отырар сазы», профессор консерватории имени Курмангазы

Присутствие этих личностей придало мероприятию историческую значимость и дало учащимся возможность встретиться с живой летописью мира искусства.

В ходе встречи творчество Нургисы Тлендиева было широко раскрыто, были представлены содержательные программы, демонстрирующие многогранность национального искусства. Исполнялись любимые песни великого композитора и его вдохновляющие кюи. Учащиеся через сценические постановки показали жизненный путь Нургисы, его трудолюбие и человеческие качества. Также читались поэтические произведения, представлялись танцевальные номера, что создало целостное художественное пространство, объединяющее разные виды творчества.

В мероприятии приняли участие учителя музыки районных школ, руководители кружков и творчески одарённые учащиеся. Обсуждались вопросы воспитательного значения национального искусства, преемственности культурного наследия и поддержки молодых музыкантов.

Подобные содержательные встречи способствуют формированию вкуса подрастающего поколения и повышают значимость воспитания патриотического духа.



@nauryzbay_bilim_bolimi @edu.almaty @aliakbarovafatima @sairan.saifedenov @oqu_agartu_ministrligi 

Похожие публикации: