Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік
11
желтоқсан
2023

Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік



Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік 

Наурызбай ауданы, №206 мектеп-гимназияда Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған "Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік" атты іс-шара өтті. 
Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 желтоқсаны туралы шындықты білмейтін жан жоқ десе болады. 16 желтоқсан бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет араласқан, әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. 
Басына түскен қиындыққа  қайтпас қайсарлықпен төтеп берген боздақтарымыз тек батылдық, батырлықпен емес өнерімен, үлгілі ісімен де өнеге  боп тарихта қалды. Кешімізге Желтоқсан оқиғасына қатысушылар  Жолдасов Есим Есенұлы 
Кабланов Арип Смайылұлы 
Касабеков Турегали Базарқұлұлы 
Кайырбекова Майрагуль Ибрайымқызы келіп қатысты. Мектебіміздің талантты оқушылары  өнерлерін көрсетіп, күй ойнап, ән шырқап, поэзия оқыды. 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын! 



Похожие публикации: