08
қазан
2024
Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияда *«Жаһандану дәуіріндегі жаратылыстану!»* тақырыбында жаратылыстану пәндер кафедрасының онкүндігі ашылды.
Наурызбай ауданы #206 мектеп-гимназияда *«Жаһандану дәуіріндегі жаратылыстану!»* тақырыбында жаратылыстану пәндер кафедрасының онкүндігі ашылды.
*Онкүндіктің мақсаты:* Жаратылыстану кафедрасының мұғалімдерінің сабақтарында жаңа инновациялық технологияларды қолдануын дамыту, экологиялық білім деңгейін тереңдету.
*Міндеттері:*
1. Цифрлық технологиялар мен білім сапасын көтеруде педагогикалық қызметтегі әдістердің жаңа мазмұнын игеру және критериалды бағалау проблемаларына аса көңіл аудару сол бағытта педагогтардың біліктілігін арттыруға қажетті әдістемелік көмек көрсету.
2. Оқушылардың танымдық қызметінің артуына, жеке тұлғаның өзіндік дамуына бағыт беру, оның жүзеге асуын қадағалау.
3. Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін аша отырып, шығармашылықпен жұмыс істейтін дарынды тұлғаны қалыптастыру жолында әртүрлі әдіс тәсілдерді іздестіріп іске асыру
4. Экологиялық білім беру – адамның айналадағы әлеуметтік табиғи ортаға жауапкершілігін қамтамасыз ететін, ғылыми және практикалық білімге, мінез- құлық пен іс-әрекеттің қалыптасуына негізделген білім беру мен тұлғаны дамыту.
@nauryzbay_bilim_bolimi
@kusainova.s.a
@aliakbarovafatima