10
қазан
2025
7 «Г» сынып оқушылары мен тарих пәні мұғалімі Сатыбалды А.С «Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің «Ұлт тарихы — ұрпаққа аманат» онкүндігі аясында 09.10.2025 ж. 7 «Г» сынып оқушылары мен тарих пәні мұғалімі Сатыбалды А.С «Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ-орыс қатынастарының себептерін, барысын және нәтижесін талдап, тарихи карталар мен деректер арқылы өз ойларын дәлелдеп қорғады.
«Карта арқылы дәлелде», «Хронологиялық сызба» әдістері қолданылып, оқушылардың тарихи ойлау, талдау және қорытынды жасау дағдылары дамытылды. #ҰлтТарихы #АшықСабақ #ҚазақХандығы #РесейИмпериясы #206gymnasium #ТарихСабақтары #БізТарихпыз