“Ұлттық тәрбие — ұрпақ өзегі” тақырыбындағы сынып жетекшілер онкүндігі аясында «Ұстаз бен шәкірт: бір жүрек, бір мақсат» атты ерекше сайыс өтті. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ұлттық тәрбие — ұрпақ өзегі” тақырыбындағы сынып жетекшілер онкүндігі аясында «Ұстаз бен шәкірт: бір жүрек, бір мақсат» атты ерекше сайыс өтті.
12
наурыз
2026

“Ұлттық тәрбие — ұрпақ өзегі” тақырыбындағы сынып жетекшілер онкүндігі аясында «Ұстаз бен шәкірт: бір жүрек, бір мақсат» атты ерекше сайыс өтті.

[media=https://www.instagram.com/reel/DVxPlDSjIWh/?igsh=MXZ6N2g5YzBicmwwZg==]

Мектебімізде 02-18.03 аралығында өтіп жатқан “Ұлттық тәрбие — ұрпақ өзегі” тақырыбындағы сынып жетекшілер онкүндігі аясында «Ұстаз бен шәкірт: бір жүрек, бір мақсат» атты ерекше сайыс өтті.

Сайыс үш кезеңнен тұрды.
🔹 «Таныстыру – жүректен жүрекке» кезеңінде әр жұп өзін шығармашылық түрде таныстырып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
🔹 «Бір мақсат – бір команда» кезеңінде ұстаз бен шәкірт логикалық және ситуациялық тапсырмаларды бірлесе орындап, өзара түсіністік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті.
🔹 «Өнеріміз – ортақ» кезеңінде қатысушылар ән айтып, би билеп, көрініс қойып, өнерлерін ортаға салды.

Барлық жұптар белсенділік танытып, сахна мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы марапаттарға ие болды.

Осындай әсерлі кешке қатысқан барлық ұстаздар мен шәкірттерге алғысымызды білдіреміз!