11
қыркүйек
2025
«ДОСБОЛLiKe» антибуллингтік бағдарламасы негізінде мектебімізде түсіндірме жұмыстары жүргізілді
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық мектептерде енгізіліп жатқан балалардың эмоционалдық әл-ауқатын қолдауға арналған «ДОСБОЛLiKe» антибуллингтік бағдарламасы негізінде мектебімізде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға 1–11 сынып жетекшілері, мектеп психологтары және директордың орынбасарлары қатысты.
Жиын барысында мұғалімдерге буллингтің алдын алу жолдары, оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтудың маңызы түсіндіріліп, практикалық ұсыныстар берілді.
Бұл жұмыс педагогтардың бірлескен әрекетін күшейтіп, оқушыларға қолдау көрсету мен сенімді орта қалыптастыру мәдениетін дамытуға бағытталды.
@edu.almaty
@oqu_agartu_ministrligi
@nauryzbay_bilim_bolimi
@aliakbarovafatima
@kusainova.s.a