29
қыркүйек
2025
«Бірлік пен берекенің бастауы – үлкенге құрмет» №206 мектеп-гимназиясында осы тақырыпта сынып сағаттары өткізілді
«Бірлік пен берекенің бастауы – үлкенге құрмет» №206 мектеп-гимназиясында осы тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, әдеп пен тәрбие қағидалары түсіндірілді. Құрмет пен мейірім – отбасыдағы, қоғамдағы бірлік пен берекенің кепілі екені айтылды. Осындай тағылымды кездесулер оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттырып, рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.