206 мектеп-гимназиясында медицина қызметкерлерінің қатысуымен оқушы қыздарға арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 206 мектеп-гимназиясында медицина қызметкерлерінің қатысуымен оқушы қыздарға арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
07
қыркүйек
2026

206 мектеп-гимназиясында медицина қызметкерлерінің қатысуымен оқушы қыздарға арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



Қыздар гигиенасы-тазалық кепілі.

206 мектеп-гимназиясында медицина қызметкерлерінің қатысуымен оқушы қыздарға арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс барысында қыз балалардың жеке бас гигиенасы, сыртқы келбеті, мектеп формасына қойылатын талаптар және мектеп қабырғасында өзін-өзі ұстау мәдениеті туралы маңызды ақпараттар берілді.
Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мағзумова И.Б.оқушы қыздарға мектеп формасына сай, жинақы әрі ұқыпты киіну қажеттігін түсіндірді. Атап айтқанда, белдемшенің ұзындығы тізеден төмен болуы, мектепке күнделікті макияжбен келмеу, жасанды тырнақ пен жасанды кірпік жапсырмау жөнінде ескертілді.
Сонымен қатар жасанды тырнақ пен кірпікті дұрыс күтпеу немесе сапасыз материалдарды қолдану аллергиялық реакцияларға, тері мен көздің тітіркенуіне, қабынуға, инфекциялардың пайда болуына, ал көз аймағында кірпік желімін дұрыс қолданбау көздің қызаруы мен қабынуына әкелуі мүмкін екендігі түсіндірілді.
Медицина қызметкерлері қыз балаларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, жеке гигиена талаптарын сақтау және денсаулыққа қатысты мәселелер туындаған жағдайда мамандарға уақытылы жүгіну керектігін ескертті.
@aliakbarovafatima
@kusainova.s.a
@indira_duisebek
@nauryzbay_bilim_bolimi
@edu.almaty