27
наурыз
2023
9-сынып оқушыларымен бірге Лиза Омаровна Халықаралық бизнес және коммуникация колледжінің ашық есік күніне қатысты. Лиза Омаровна с учащимися 9 классов приняли участие в Дне открытых дверей Международного Колледжа Бизнеса и Коммуникаций.
Наурызбай ауданы, #206 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларымен бірге директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Лиза Омаровна, биология пәні мұғалімі Усейн Аман Жанатбекұлы бүгін Халықаралық бизнес және коммуникация колледжінің ашық есік күніне қатысты. Оқушылардың болашақта мамандықты дұрыс таңдауына, оқу мекемесіндегі өзекті әрі сұранысқа ие мамандықтардың тізімін тізбектеп, жақсы көңіл-күймен, жоғары деңгейде ұйымдастырылған кештің қонағы болды. Білім алушылар өзіне ұнайтын мамандық иесі боларына сенімдерін білдірді. Еліміздің жарқын болашағы - жастар.