04
мамыр
2026
10–21 сәуір аралығында 9-сынып оқушылары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ашық есік күндеріне қатысып, өз болашақтарына маңызды қадам жасады.
КӘСІБИ БАҒДАР: ОҚУШЫЛАР ТАҢДАУ ЖАСАУ ЖОЛЫНДА 10–21 сәуір аралығында 9-сынып оқушылары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ашық есік күндеріне қатысып, өз болашақтарына маңызды қадам жасады.
Ашық есік күніне қатысқан колледждер:
1.Алматы сервис және технология колледжі @college_service_and_technology
2.Алматы электромеханикалық колледжі @aemc__official
3.Архитектура,дизайн және инженерия колледжі @kadi.almaty
Қамтылған оқушы саны: 55 оқушы
Оқушылар оқу орындарының материалдық-техникалық базасымен танысып, түрлі мамандықтардың қыр-сырын білді.
Бұл іс-шара оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың нақты шешім қабылдауына жол ашты.
Болашаққа сенімді қадам жасаған оқушыларымызға сәттілік тілейміз!