15
ақпан
2024
МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУДЫҢ 4 ҚАДАМЫ 👩🏻🎓Наурызбай ауданы 206 мектеп-гимназияда 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында мотивациялық семинар-тренинг өтті.
МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУДЫҢ 4 ҚАДАМЫ
Наурызбай ауданы 206 мектеп-гимназияда 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында мотивациялық семинар-тренинг өтті.
206 мектеп-гимназияның педагог-профориентологы Жұлдыз Рашидқызы оқушыларға мамандықты дұрыс таңдаудың қадамдарымен және оқу орнын таңдаудағы басты талаптар мен тиісті құжаттарымен таныстырды.
Адам өміріндегі маңызды қадамдардың бірін дұрыс жасап, қалаған мамандығыңызды таңдауларыңызға тілектеспіз.