09
желтоқсан
2024
Біздің сүйікті “Тәттілер” вокалдық тобы “Жарқын жол” халықаралық шығармашылық байқауында 1-орынды жеңіп алып, өнерлерімен баршаны тәнті етті!
206 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ!
Біздің сүйікті “Тәттілер” вокалдық тобы “Жарқын жол” халықаралық шығармашылық байқауында 1-орынды жеңіп алып, өнерлерімен баршаны тәнті етті!


Эстрадалық вокал номинациясында “Біз бақытты баламыз” әнімен ерекше әсер қалдырған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз. Бұл жеңіс — олардың таланттары мен тынымсыз еңбектерінің жемісі!
Сонымен қатар, жетістіктің басты қолдаушысы, жетекшісі Тулегенова Қарлығаш Арыстанбекқызына алғысымыз шексіз.
“Тәттілердің” бұл жеңісі — тек бастама! Алда әлі де биік шыңдар мен жарқын жеңістер күтеміз!

@nauryzbay_bilim_bolimi
@aliakbarovafatima
@oqu_agartu_ministrligi
@kusainova.s.a
@edu.almaty
