Алматылық SIRIUS #33422 робототехника командасы Стамбулда өткен халықаралық FIRST Istanbul Premier Event (FTC) чемпионатында еліміздің намысын абыроймен қорғады! » №206 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№206 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 398-57-39
Есепші бөлімі:
+7(727) 398-57-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматылық SIRIUS #33422 робототехника командасы Стамбулда өткен халықаралық FIRST Istanbul Premier Event (FTC) чемпионатында еліміздің намысын абыроймен қорғады!
02
шілде
2026

Алматылық SIRIUS #33422 робототехника командасы Стамбулда өткен халықаралық FIRST Istanbul Premier Event (FTC) чемпионатында еліміздің намысын абыроймен қорғады!

[media=https://www.instagram.com/reel/DaSBGRnMaNU/?igsh=cGpiMnlqNjZqbGRo]

Алматылық SIRIUS #33422 робототехника командасы Стамбулда өткен халықаралық FIRST Istanbul Premier Event (FTC) чемпионатында еліміздің намысын абыроймен қорғады! Әлемнің 80 мықты командасы бақ сынасқан додада біздің команда Reach Award номинациясы бойынша II орынды (2nd Place) иеленді. Бұл марапат - команданың бір жыл бойғы тынымсыз ізденісі мен еңбегінің жемісі.

🙌 Шексіз алғыс білдіреміз!
Бұл жетістік үлкен қолдаудың арқасында мүмкін болды. Бізге сенім артқан №206 мектеп-гимназиясының басшылығына және осы халықаралық сапарға демеушілік жасап, жас таланттарға қанат бітірген бас спонсорымыз - «Shin Line» компаниясына команда атынан ерекше алғыс айтамыз!

📋 Команда құрамы
Жетекшілер: Жетпісбай Мәулен, Тулеу Еңлік.

Команда мүшелері: Идимаметұлы Эскендер, Роман Аружан, Ерболат Жібек, Айғали Меруерт, Рыспек Жұлдыз, Нұрахан Айбике., Мейржанұлы Султан, Токтарбек Бибостай, Қойшыбай Абдуссамад, Тұрсынғали Мухаммад, Ниязбек Абдуррахим, Қайрат Әлфараби.

Похожие публикации: